Дүкен мен кассаға арналған бағдарлама

Сауданы автоматтандыру

Дүкенді автоматтандырып, сатылымды, тауарларды және кассаны бір жүйеде басқарыңыз. Саудадағы есеп пен дүкен жұмысын бақылауды сауданы автоматтандыру бағдарламасының көмегімен жеңілдетіңіз.

Кеңес алу
Кассовое оборудование UMAG: сканер, монитор и принтер
Сатылым аяқталды 10 030 ₸ Чек сәтті басып шығарылды
Артықшылықтар

Сауданы автоматтандырудың артықшылықтары

Сатылымды басқару

Сатылым көлемін, түсімді және дүкен жұмысының нәтижелерін бір жүйеден бақылаңыз. Аналитика сатылым динамикасын көруге және өзекті деректерге сүйеніп шешім қабылдауға көмектеседі.

Кассаны автоматтандыру

Негізгі кассалық операцияларды автоматтандырып, кассирдің қолмен орындайтын әрекеттерін азайтыңыз. Бұл сатып алушыларға қызмет көрсетуді жылдамдатып, есеп айырысу кезіндегі қателер ықтималдығын төмендетеді.

Дүкен жұмысын бақылау

Дүкеннің негізгі процестерін бір жүйеге біріктіріңіз: сатылымды, тауар қалдықтарын, кассадағы операцияларды және аналитиканы үнемі қолмен тексермей-ақ қадағалаңыз. Дүкен жұмысы туралы өзекті ақпарат алып, өзгерістерге тез әрекет етіңіз.

Сценарийлер

Күнделікті міндеттерге арналған шешімдер

Үлкен ассортимент — бақылауда

Жүздеген тауар атауы, түрлі брендтер мен тұрақты жеткізілімдер косметика дүкеніндегі қалдықтарды бақылауды қиындатады. UMAG арқылы тауар қозғалысын қадағалау, сатылымды талдау және ассортиментті уақытында толықтыру оңайырақ.

Карточка товара с названием и артикуломКарточка товара с названием и артикулом

Өлшемдер мен тауар қалдықтарын шатастырмай есепке алу

Киім дүкенінде бір модельдің бірнеше өлшемі болуы мүмкін. Жүйеде әр нұсқаны есепке алу қажетті тауардың бар-жоғын жылдам тексеруге және қай тауарлардың қоры азайып келе жатқанын білуге мүмкіндік береді.

Карточка товара с названием и артикулом

Тауарлар мен резервтегі өнімдер бір жерде

Дәріханада жұмыс істегенде тауарлардың бар-жоғы мен қозғалысы туралы ақпаратты жедел алу маңызды. UMAG тауар қалдықтары мен алдын ала брондалған тауарларды бақылауға көмектеседі, осылайша қызметкерлер сатылым мен тапсырыстарды жылдам өңдей алады.

Карточка товара с названием и артикулом

Ассортиментке сұранысты түсіну

Қай ойыншықтар жақсы сатылады, ал қайсысы сөреде ұзақ жатады? Сатылымды талдау сұранысқа ие тауарларды анықтап, келесі тапсырысты жоспарлағанда осы деректерді пайдалануға мүмкіндік береді

Несколько кассиров работают в одной системеНесколько кассиров работают в одной системе
Шешімдер

Сауданы автоматтандыру және дүкен жұмысына арналған басқа құралдар

Шешімдер

Сауданы автоматтандыру тауар есебі мен қойма операцияларынан бастап кассирдің жұмысы мен сатылымды талдауға дейінгі негізгі процестердің бәрін қамтиды. Біз тауар есебін, кассаны автоматтандыруды, сатылымды басқаруды және қойма есебін біріктіретін кешенді шешім ұсынамыз. Бірыңғай жүйе бизнесіңіздің жұмысын қалай оңтайландыратынын біліңіз.

Өнімдер

Дүкенді автоматтандыру үшін тауар есебі, сатылым, кассалық қызмет көрсету және басқару міндеттерін шешетін бағдарламалық құралдар қолданылады. Дүкеннің барлық негізгі процесі бір жүйеде жұмыс істеуі үшін оларды өзара біріктіруге болады.

Толығырақ →

Жабдықтар

Жүйемен жұмыс істеу үшін дүкеннің күнделікті операцияларында қолданылатын жабдықты қосуға болады: POS-моноблоктар, штрих-код сканерлері, чек пен жапсырма принтерлері, таразылар, ақша жәшіктері және деректерді жинау терминалдары. Жабдықты таңдау кассаның, сауда залының және қойманың міндеттеріне байланысты.

Толығырақ →

Шешім таңдауға көмек керек пе?

Сауданы автоматтандыру, жүйенің мүмкіндіктері және тарифтер туралы көбірек біліңіз. Өтінім қалдырыңыз — UMAG мамандары сұрақтарыңызға жауап беріп, дүкеніңізге лайық шешімді таңдауға көмектеседі.

Кеңес алу
Специалист UMAG за работой в офисе

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүкенге арналған кассалық бағдарлама туралы сұрақтарға жауаптар

Сауданы автоматтандыру дүкенге не береді?

Бөлек-бөлек кестелер мен қолмен орындалатын операциялардың орнына тауар, сатылым және қалдық туралы негізгі деректер бір жүйеге жиналады. Басшы дүкенде не болып жатқанын көріп, қызметкерлер есепке және қайталанатын әрекеттерге аз уақыт жұмсайды.

Дүкенде қандай процестерді автоматтандыруға болады?
Автоматтандыру бірнеше процесті қамтуы мүмкін: тауарды қабылдау және есепке алу, қалдықтарды бақылау, кассалық операциялар, сатылым және аналитика. Қажет болса, шешімді кассаға, сауда залына немесе қоймаға арналған жабдықпен толықтыруға болады.
Жүйе шағын дүкенге жарай ма?
Иә, барлық құралды бірден енгізбей-ақ шешімді бизнесіңіздің форматына бейімдеуге болады. Шағын сауда нүктесі негізгі міндеттерден бастап, бизнес өскен сайын дүкен жұмысын кезең-кезеңімен автоматтандыра алады.
Жүйені дүкендер желісін автоматтандыру үшін қолдануға бола ма?
Дүкендер желісімен жұмыс істегенде әр нүктенің сатылымын ғана емес, бизнестің жалпы көрінісін де көру маңызды. Автоматтандыру деректерді орталықтандырып, әртүрлі дүкендердегі тауарларды, сатылымды және жұмыс нәтижелерін бақылауға көмектеседі.
Дүкенді автоматтандыру қанша тұрады?
Бағасы бизнестің міндеттеріне, таңдалған шешімдерге және жабдық жиынтығына байланысты. Сондықтан дүкенді автоматтандыру құнын сауда форматына, жұмыс орындарының санына және қажетті функцияларға қарай есептеген дұрыс.
Сауданы толық автоматтандыруға бола ма?
Иә, тауар есебі мен қойма операцияларынан бастап кассаға, сатылымға, аналитикаға және жабдыққа дейінгі процестерді қамтитын кешенді шешім құруға болады. Жүйенің құрамы нақты дүкенде автоматтандыру қажет процестерге байланысты анықталады.

Кеңес алу

Менеджер сізбен жақын арада байланысқа шығады

Өтініміңіз қабылданды.
Қап! Жөнелту кезінде бір қателік болды...